Қазақстанның медициналық мекемелеріне 4,6 млрд теңге айыппұл салынды

0
712

Заңбұзушылықтар арасында көбінесе жалған тіркеу жиі кездеседі.


Қазақстанның медициналық мекемелеріне 4,6 млрд теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры заң бұзушылықтар үшін қазақстандық медициналық мекемелерге 4,6 млрд теңгеден астам айыппұл салды. Медициналық ұйымдар тарапынан жиі кездесетін заң бұзушылық түрі белгілі болды, деп жазады kaz.nur.kz.

Медициналық сақтандыру қорының ақпаратына сәйкес, олар халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне қатысты 460 мыңнан астам заңбұзушылық анықтаған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша медициналық көмек көрсету сапасына тұрақты түрде мониторинг жасайды. Сонымен қатар, сарапшылар көмек көлемін қолдан көтеріп, аурудың диагнозын ауырлатып көрсеткен, ауруханаға жатқызудан және медициналық көмек көрсетуден бас тартқан, пациенттер іс жүзінде алмаған медициналық бұйымдар мен дәрілік заттарды тіркеген, бір реттік құралдарды қайта қолданған жағдайларды анықтады.

Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға көрсетілген қызметтер үшін қаржыны көрсетілген медициналық көмектің бекітілген стандарттарға сәйкестігіне мониторинг жүргізілгеннен кейін төлейді.

Заңбұзушылықтар арасында көбінесе жалған тіркеу жиі кездеседі. Салынған айыппұлдар қайтадан медициналық қызметтерге төленетін ақы ретінде пайдаланылады. Медициналық ұйым Қордың жеткізушісі ретінде бекітілген стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсетуге және пациентті өзіне тиесілі қызметтермен қамтамасыз етуге міндетті. МӘМС медициналық ұйымдар арасындағы заңбұзушылықтарды жоюға бар күшін салуда. Сондықтан азаматтардан әділетсіз жағдайлар жайлы хабарлауларын сұраймыз. Қор пациенттерден келген әрбір ресми өтініш бойынша шара қабылдайды.

Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы хабарласу қажет.