Жер сілкінісі 11 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 15:20-да ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде тіркелген.
ERNUR.KZ. Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі сезілді, деп жазады tengrinews.kz.
Жер сілкінісі 11 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 15:20-да ТЖМ "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде тіркелген.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 856 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.6. MPV магнитудасы - 6,4", - делінген хабарламада.
Ауғанстандағы жер сілкінісін Шымкент пен Жамбыл тұрғындары сезгені атап өтілді – 2 балл.