Дипломат үш рет PCR-тест тапсырғанын айтты.
Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы коронавиру жұқтырды. Бұл туралы қазақстандық дипломат Facebook-те жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Құрметті достар, екі апта үйде қатты ауырып жаттым. Үш рет PCR-тест тапсырдым. Бірақ ештеңе шықпады. Бүгін өкпе томографиясы түсіріп ем, өкпем қабынып, ковид болғанымды білдім. Аман болайық. Ауырмаңыздар», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, Абзал Сапарбекұлы ҚР-ның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне 2017 жылдың сәуірінде тағайындалды.