Қазақстанның үш өңірінде өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

0
2 611

​Синоптиктердің болжамынша, кезекті циклон әсерінен республика аумағында ауа температурасы жоғарылап, қар ериді.


Қазақстанның үш өңірінде өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанның үш өңірінде ауа температурасының жоғарылауынан өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп жазады sputnik.kz.

"2021 жылдың 26-28 наурызы аралығында Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы өзендерінде ауа температурасының жоғарылауы мен қатты жауын-шашынға байланысты су деңгейі көтеріледі деп болжануда", - делінген хабарламада.

20-26 наурызға арналған болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Қара теңізден ығысқан циклон әсер етті. Өңірлерде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болды.

Қазгидрометтің мәліметінше, енді ел аумағына Батыс антициклоны ығысады. Соның әсерінен қысқа мерзімге ауа температурасы төмендеп, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ай соңында жылу мен ылғал қоры мол кезекті Жерорта теңізі циклонынан ауа райы құбылып, температуралық фон жоғарылайды.

Одан кейін қар еріп, өзендерде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр.