Қазақстанның жаңа байланыс спутнигін әзірлеуге 4 елдің компаниялары өтінім жолдады

0
95

Жеңімпазбен 2026 жылдың соңына дейін келісімшарт жасау жоспарланып отыр.


Қазақстанның жаңа байланыс спутнигін әзірлеуге 4 елдің компаниялары өтінім жолдады

фото: АО "Республиканский центр космической связи"

ERNUR.KZ. Ресей, Қытай, Түркия және Финляндия компаниялары Қазақстанның жаңа байланыс спутнигі - KazSat-3R құруға өтінім берді, деп жазады sputnik.kz.
Ресейден "Главкосмос" (Роскосмостың еншілес компаниясы) және Қытайдан екі компания - China Great Wall Industry Corporation мен Shanghai Engineering Center for Microsatellites - өтінім жолдады.
Бұл жөнінде депутаттық сауалға жауап ретінде Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.
Жеңімпазбен 2026 жылдың соңына дейін келісімшарт жасау жоспарланып отыр.
Жаңа спутник 2029 жылы қолданыстағы KazSat-3-ті ауыстыруы керек. Ол 2014 жылы ұшырылды және оны ресейлік "Академик Решетнев атындағы ақпараттық спутниктік жүйелер" компаниясы италиялық компаниямен бірлесіп әзірледі.