Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.
ERNUR.KZ. Қазақстанның жаңа бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне Сархат Бейсенова тағайындалды, деп жазады stan.kz.
Үкімет қаулысымен Сархат Бейсенова Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне келді.
Сархат Бейсенова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Тұран-Астана университетін бітірген.
Еңбек жолын1989 жылы Ақмола облыстық онкология диспансерінде санитар болып бастаған.
1996-1998 жылдары — Ақмола қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық стансасының дәрігер-эпидемиологы;
1998-1999 жылдары — Ақмола облыстық Ішкі істер басқармасының дәрігер-эпидемиологы;
1999-2002 жылдары — Астана қаласы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы эпидемиологиялық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы, меңгерушісі;
2002-2007 жылдары — Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы;
2007-2009 жылдары — Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары – Астана қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары;
2009-2011 жылдары — Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары;
2011-2014 жылдары — Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Астана қаласы бойынша департаменті директоры;
2014-2015 жылдары — Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы;
2015-2017 жылдары — Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары;
2017-2019 жылдары — Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары;
2019-2020 жылдары — Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Астана қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары;
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы.