Қазақтар «қал» деп жүрген сәбидің денесіндегі көк таңбаның сыры ашылды

0
5 300

Ғалымдар «көк таңбаның» еуропалықтарда мүлде кездеспейтінін айтады.


Қазақтар «қал» деп жүрген сәбидің денесіндегі көк таңбаның сыры ашылды

ERNUR.KZ. Қазақтар "қал" деп жүрген жас сәбидің жамбасындағы көк таңбаның сыры ашылды. Жаңа туған нәрестенің денесінде болатын таңбаны зерттеген моңғол және жапон ғалымдары оның тек бірнеше ұлтта ғана кездесетінін анықтады, деп жазады Stan.kz.

Бұл таңбаны моңғолдар «Тэнгрийн тамга» (Тәңір таңба) деп атайды екен. Жапон антропологтары мен генетиктері Токиода ерекше тәсілді қолдана отырып, бұл таңбаны зерттеп, өз қорытындыларын жасады. Ғалымдар ол таңбаның балаларда көбіне 5 жасқа дейін болатынын айтады. Кейде 7-13 жасына дейін де сақталып жатады. Тіпті, кейбір адамдарда өмір бойы сақталып қалады екен. Бірақ, ондай өте сирек кездеседі.

Бір қызығы, ғалымдар «Тәңір таңбасы» еуропалықтарда мүлде кездеспейді дейді. Тек Болгарияда ғана сәбилердің 0,6 пайызында кездескен жағдайлар болған.

Бұл таңда бурят, якут, қырғыз, қазақ, жапондардың айндары, кәріс, қалмақ, тува, хакас ұлттарында және Солтүстік Американың үндістерінде ғана бар екен.