Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Биволдың соты қашан өтетіні белгілі болды

0
106

Бұған дейін, қазан айында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растаған болатын.


Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Биволдың соты қашан өтетіні белгілі болды

Ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізді деген айыптағылған Екатерина Биволға қатысты сот отырысының күні белгіленді. Сот процесіне өткен жылдың күзінде оның Telegram желісінде жариялаған видеосы себеп болған, деп жазады ulysmedia.kz.

29 қаңтар күні Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық сотында белгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты істі қарау басталады. Оған ұлтаралық араздықты ашық түрде қоздырды және адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлады деген айып тағылып отыр.

Сот материалдарына сәйкес, видеода Бивол бейәдеп сөздер қолданып, адамдарға ұлтына қарай кемсітетін сипаттамалар берген. Атап айтқанда, оның сөздері қазақтар мен қырғыздарға бағытталған.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының қызметкерлері видеоны сараптай келе, Биволдың сөздерінде бір топ адамдардың шығу тегіне қарай екінші топтан «артық» екені туралы тұжырым бар деген қорытындыға келген.

Екатерина Биволға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл бап бойынша ірі көлемде айыппұл салу немесе әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Бұған дейін, қазан айында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растаған болатын. Ведомство оның экстрадициясы мәселесін көтеру ниеті барын мәлімдеген. Кейін ол іздеуге жарияланды.

Осыған ұқсас қылмыстық іс Қырғызстанда да қозғалған. Онда Екатерина Бивол ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікке ілінген.

Тергеулерге себеп болған видео — Биволдың көлік жүргізіп келе жатып, түрлі ұлт өкілдеріне ашық түрде тіл тигізген жазбасы.