"Қазақтелекомның" бірінші вице-президенті Қазыкен Базылов қайтыс болды

0
658

Қазыкен Базылов Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген.


ERNUR.KZ. 2 қазан күні Алматыда 84 жасында Қазақ КСР байланыс министрінің бұрынғы бірінші орынбасары (1964-1995 жылдар), "Қазақтелеком" АҚ бірінші вице-президенті (1995 жылдан 1997 жылға дейін), Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры, белгілі қоғам қайраткері Қазыкен Базылов қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазыкен Базылов Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген. Жамбыл атындағы Қарсақпай қазақ орта мектебін тәмамдаған. 1954 жылы Новосібір электротехникалық байланыс институтының инженерлік-экономикалық факультетіне түсіп, осы факультеттің алғашқы жиынтығының студенті болған. Институтты бітіргеннен кейін Қазақстанға оралған.

25 жасында Алматы поштамты ұжымының жетекшісі болды. 28 жасында байланыс министрінің орынбасары болды және осы лауазымда 30 жылдан астам жұмыс істеді.

"Халықтар достығы", "Құрмет белгісі" ордендерімен және тағы бес медальмен марапатталған. 20-дан аса құрмет грамоталары, "Байланыс шебері", "Құрметті байланысшы" атақтары, КСРО Қорғаныс министрлігінің, КСРО шет елдермен достық және мәдени байланыстар қоғамының, КСРО Кеңестік-кореялық достық қоғамының, Бүкілодақтық "Білім" қоғамының наградалары берілген.