"Қазақты жолықтырғаның, бауырыңды кездестіргенің": Рамзан Қадыров Қазақстанды мақтады

0
825

Қадыров қазір Шешен республикасы Ресейдің ең әдемі және гүлденген аймақтарының біріне айналғанын айтты.


ERNUR.KZ. Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров қазақстандықтардың қолдауын жоғары бағалайды, деп жазады Stan.kz.

Шешендердің нақыл сөзінде шын достық қиыншылықта білінеді және одан қымбат ешнәрсе жоқ деп айтылады. Сондықтан шешендер қиын-қыстау кезде көрсетілген көмек пен қолдауды жоғары бағалап, бұл туралы ешқашан ұмытпайды, - деп жазды Қадыров. Оның айтуынша, шешендер мен қазақтардың достығы шешен халқы үшін ең қиын және қайғылы күндерде басталған.

Қадыров қазір Шешен республикасы Ресейдің ең әдемі және гүлденген аймақтарының біріне айналғанын айтты.

"Шешен Республикасының басшылығы Қазақстанның қазіргі басшылығымен, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен дәстүрлі түрде бауырластық қатынаста. Шешен Республикасы мен Қазақстан арасындағы экономикалық және мәдени байланыстар нығайып келеді. Бүгінде Қазақстанда тұратын шешендердің дамуына, мансабына, мәдениеті мен тілін сақтауға барлық жағдай жасалған. Ахмат-Хаджи Кадыровтың өзі туып-өскен жеріне жақын жерде орнатылған ескерткіші үшін ерекше алғыс. Шешендер арасында: "Егер сен қазақты кездестірген болсаң, онда сен өзіңнің бауырыңмен танысқаның", - деген сөз кең таралған. Шешен мен қазақ халықтарының арасындағы бауырластық пен достық нығая берсін!" - деп сөзін аяқтады республика басшысы.