Бәріне әйелдер кінәлі ме?
Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
"Ері елдің қамымен жүргенде әйелдер өз қамына кіреседі" деген болжам рас па? Шенеуніктердің жемқор атануына бірден-бір себепкер – әйелі, дейді психологтар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі де бұл пікірді жоққа шығармайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Бүгінде әлеуметтік желі тек пікір білдіру алаңына ғана емес, шенеуніктердің әйелдерінің үлде мен бүлдеге оранған, жарқыраған өмірін паш ететін алаңға да айналды. Олар қымбат көліктерін, шетелге саяхаттарын, гауһартаспен безендірілген бұйымдарын әлемжеліге жүктеп қана қоймай, күйеулері берген сыйлықтарын да дүйім елге паш етуде. Ал психологтар дәл осы қылығымен олар күйеулерінің пара алуына түрткі болады, дейді.
Жастар бәсекені жақсы көреді. Бір отбасы шетелге барып жатса, қара, ал біз бармай жатырмыз дегендей. Қазіргі таңда әр отбасыда белгілі 2-3 баладан кем. Олардың әйелдері жұмыс істемеуі мүмкін. Белгілі ұйымдастырушы, итермелеуші құрылғы ма? Отбасыға қасындағы жары, туыстары, әсер етуі мүмкін. Саналы түрде емес, - дейді психолог Гүлбану Үмбетжанова.
Психолог Гүлбану Үмбетжанованың пікірін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоққа шығармайды. Біреуі тойып секірсе, біреуі тоңып секіреді, дейді Расул Медетов.
Бұл белгілі бір дәрежеде отбасы мүшелерінің, сол мемлекеттік қызметішінің айналасындағы достарының, белгілі бір моральдық тұрғыдан сыбайлас жемқорлық фактілеріне септігін тигізеді деген. Осындай теориялар бар. Ең көбі негізінде әкімшіліктерде. Өйткені сол салада әкімшіліктерде қаражаттың көп бөлігі шоғырланады. Одан бөлек Ішкі істер органдары келтіріп жатады, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаментінің директоры Расул Медетов.
Одан бөлек, шенеуніктердің әйелдері бизнестерін дөңгелеткені де анықталды. Күні кеше Атырау облысында 184 шенеуніктің жұбайы кәсіпкерлікпен айналысқаны белгілі болды. Бірақ заң бойынша олар кәсіпкерлікпен айналыса алады. Дегенмен...
Оларға қатысты ешқандай шек жоқ. Кәсіпкеркелікпен айналыса алады. Салық департаментінің әйелдері бизнеспен айналысатыны анықталды. Заң бұзушылық емес, бірақ ескерту қойылды, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаментінің директоры Расул Медетов.
Қоғам белсендісі Айша Құрманғали әйелдер ер азаматтардың артық қадам жасауына, заңбұзушылыққа баруына ықпал ететінін жасырмайды. Өйткені әйел адамның қызығушылығы, құрбылармен бәскелестігі жолдасына талап қоюына түрткі болады.
Әсіресе басшылардың әйелдері қымбат тон, көлік, әшекей тағуға құштар болып кетті. Денгенмен әйел қанағатшыл болса, ер адамдардың жемқорлыққа баруына асыра сілтеп, ықпал етпес етер еді. Әйел ойлау керек. Табысты қайдан тауып жатқанына бәріне назар аударып бір мезгіл ойлану керек, - дейді қоғам белсендісі, журналист Айша Құрманғали.
Қысқасы, әйел заты ер азаматының абыройын ойлауы тиіс. Ашкөздіккке, бәскелестікке бой ұрса, оның түбі жақсылыққа алып бармайды, дейді сарапашылар.