Қазанда XVI БРИКС саммиті ашылды

0
157

Саммит шараларына 30-дан астам мемлекет қатысатынын растады.


Қазанда XVI БРИКС саммиті ашылды

Sputnik / Константин Чалабов

ERNUR.KZ. Қазанда БРИКС саммиті басталды. Ол 22-24 қазан аралығында өтеді, деп жазады sputnik.kz.
Саммит шараларына 30-дан астам мемлекет қатысатынын растады.
Олар жаһандық және аймақтық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылайды, сондай-ақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасады.
Бағдарламаның негізгі тармақтары БРИКС саммитінің сайтында жарияланды.
22 қазан – бейресми түскі асқа келген БРИКС XVI саммитінің делегация басшыларының кездесу салтанаты.
23 қазан – шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулер. Сондай-ақ, XVI БРИКС саммитіне қатысатын делегация басшыларын ресми қарсы алу және қабылдау рәсімі өтеді.
24 қазан – "аутрич"/"БРИКС плюс" форматындағы XVI БРИКС саммитінің бірінші пленарлық отырысы.
XVI БРИКС Саммитінің "аутрич"/"БРИКС плюс" форматындағы екінші пленарлық отырысы (жұмыс таңғы ас форматында) Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің баспасөз мәслихаты.
БРИКС – 2006 жылы құрылған мемлекетаралық бірлестік. Ресей 2024 жылдың 1 қаңтарында БРИКС-ке төрағалық етті.