Ол мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді.
ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры ұсталғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Айта кетері, былтыр 1 млрд теңге жымқырды деген күдікпен "Қазарнаулыэкспорт" мекемесінің басшылары ұсталған болатын.
"Қазарнаулыэкспортты" Қазақстан Республикасының үкіметі құрған. Кәсіпорын ҚР Қарулы күштерін, басқа да әскер мен әскери құралымдарды қару-жарақ және әскери техникамен қамтамасыз ету және әскери мүлік импорты мен экспорты бағытында жұмыс істейді.