"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясында басқарма төрағасы ауысты

0
2 276

Ержан Мұқанов мырза 2023 жылғы 2 қазаннан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі - Компанияның басқарма төрағасы қызметінен кетеді.


ERNUR.KZ. 2023 жылдың 29 қыркүйегінде «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп», «ҚАП» немесе «Компания») басқарма құрамына өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы АҚ (бұдан әрі – "Қазатомөнеркәсіп", "ҚАӨ" немесе "Компания") 2023 жылғы 28 қыркүйекте Компанияның Директорлар кеңесі Компания басқармасы құрамындағы мынадай өзгерістерді мақұлдағанын хабарлайды.

Ержан Мұқанов мырза 2023 жылғы 2 қазаннан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі - Компанияның басқарма төрағасы қызметінен кетеді. Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен "KAZAKH INVEST" басқарма төрағасы қызметін атқарған және 2015-2020 жылдар аралығында Қазатомөнеркәсіптің экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болған Мейіржан Юсупов мырза Қазатомөнеркәсіптің жаңа басшысы болып тағайындалды.

Мейіржан Юсупов 1979 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Ол "Экономика және менеджмент" мамандығы бойынша Таяу Шығыс техникалық университетінің түлегі, Лондон экономика және саясаттану мектебінің Экономикалық даму менеджменті бойынша ғылым магистрі және Гарвард университетінің мемлекеттік басқару магистрі.

Ол 2010 жылы Қазатомөнеркәсіпке келгенге дейін Корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің директоры болып қызмет атқарған. 2015-2020 жылдары "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директоры болды.

Мейіржан Юсупов жаңа тағайындалғанға дейін "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі Компанияның экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Сұлтан Темірбаев мырзаның 2023 жылғы 28 қыркүйектен бастап Қазатомөнеркәсіп басқармасының құрамына кіруін мақұлдады. Осылайша, қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіп басқармасының құрамына мыналар кіреді:

* Мейіржан Юсупов, басқарма төрағасы (2023 жылғы 2 қазаннан бастап);

* Қуаныш Омарбеков, өндіріс жөніндегі бас директор;

* Дастан Көшербаев, коммерция жөніндегі бас директор;

* Сұлтан Темірбаев, экономика және қаржы жөніндегі бас директор;

* Ермек Қуантыров, құқықтық сүйемелдеу және корпоративтік басқару жөніндегі бас директор;

* Әлібек Алдоңғаров, HR және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бас директор;

* Мұхит Мағажанов, сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор.

Айта кетейік, Ержан Мұқанов 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.