«ҚазАвтоЖол» 3 облыстағы ашық тұрған жолдарды атады

0
162

Ауа-райына байланысты жүргізушілерге ескерту жарияланды.


«ҚазАвтоЖол» 3 облыстағы ашық тұрған жолдарды атады

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. «ҚазАвтоЖол» компаниясы еліміздегі автокөлік жолдарының жағдайы туралы ақпарат таратты, деп жазады inform.kz.

Келесі жолдарда қозғалыс ашық:

1. Қарағанды облысы

- «Екатеринбург - Алматы» жолының 1 353-1 426 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы-Теміртау төлем ақы алу пункті учаскесі.

- «Қызылорда-Павлодар» жолының 967-1 135 шақырымы, Қарағанды қ.- Павлодар облысының шекарасы учаскесі.

- «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» жолының 17-217 шақырымы, Қарағанды қ. - Қарқаралы қ. учаскесі.

2. Ақмола облысы

- «Екатеринбург - Алматы» жолының 1 292-1 353 шақырымы, Жібек жолы төлем ақы алу пункті - Қарағанды облысының шекарасы учаскесі.

3. Павлодар облысы

- «Қызылорда-Павлодар» жолының 1 135-1 206 шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы - Шидері ауылы учаскесі.