Наурыз мейрамы еліміздің түкпір-түкпірінде тойланып жатыр.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылындағы бөбекжайда Наурыз мерекесі аясында бүлдіршіндер ауыл қозыларын көтеріп, сынға түсті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қозы көтерген балалар бірден елдің жүрегін жаулап, түсірілген видео трендке айналды. Жұрт бүлдіршіндерге сүйсініп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
«Қозысы да, өзі де тәп-тәтті», «Қошақан, жарайсың!», «Таушық жігіттері мықты ғой», «Болашақ палуан», – деп жазады желі қолданушылары.