“ҚазМұнайГаз” орталық аппаратында қызметкерлер саны 10 пайызға қысқарды

0
106

​"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының орталық аппаратында оңтайландыру аясында 47 қызметкер қысқартылды.


“ҚазМұнайГаз” орталық аппаратында қызметкерлер саны 10 пайызға қысқарды

Фото: "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ

ERNUR.KZ. Бұл туралы үкіметте өткен брифингте ұлттық компанияның басқарма төрағасы Асхат Хасенов мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Компания басшысының айтуынша, оңтайландыруға орталық аппарат қызметкерлерінің 10 пайызы ілінген.

"10 пайыз - бұл 47 адам", - деп нақтылады Асхат Хасенов журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Журналистер қысқартылған қызметкерлер үшін әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған ба және өтемақы төлемдеріне қанша қаражат бөлінгенін сұрады.

Бұған жауап ретінде "ҚазМұнайГаз" басшысы барлық процедуралар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты.

"Барлығы еңбек заңнамасы мен нақты еңбек шарттары аясында жүзеге асырылып жатыр", - деді Хасенов.

Бұған дейін біз "Самұрық-Қазына" қорының компаниялар тобында әкімшілік-басқару персоналын оңтайландыру жүріп жатқаны туралы жазған болатынбыз. Ол кезде бірқатар компания қысқартулар тек орталық аппараттарға ғана әсер ететінін және өндірістік персоналға қатысты болмайтынын мәлімдеген еді.