Қазына қаржысын қай аймақтар игермеді?

0
1 023

Бюджет қаражатын игермеген мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің аты аталды.


Қазына қаржысын қай аймақтар игермеді?

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, республикалық бюджет шығыстың 4 трлн 894 млрд теңгесі игерілген, деп жазады Aikyn.kz.

«Өткен жылдың 5 айымен салыстырғанда шығыстардың көлемі 1 трлн 209 млрд теңгеге өскен. Игерілмеген сома – 59 млрд теңге. Оның ішінде, 10 млрд теңге үнемделген және 49 млрд теңге игерілмеген. Ең көп қаржыны, нақты айтқанда, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш министрлігі – 10 млрд теңге, Орталық сайлау комиссиясы – 8 млрд теңге, Қорғаныс министрлігі – 4,6 млрд теңге, Қаржы министрлігі – 4,6 млрд теңге, Жоғарғы сот 4,3 млрд теңгені игермегені анықталды», – деді Әлихан Смайылов.

Негізгі себебі, мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау, қазынашылық органдарына тіркеуге шарттар мен қосымша келісімдердің кеш ұсыну.

«Республикалық бюджетте өңірлерге 1 трлн 638 млрд теңге нысаналы трансферттер қарастырылған. Есепті кезеңде оларға 407 млрд теңге бөлінді. Оның 97,9%-ы игерілді. Атқарылмаған 8,5 млрд теңгенің 1,5 млрд теңгесі үнемделді және 7 млрд теңгесі игерілмеді. Нақты айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы – 1 млрд теңге, Жамбыл облысы – 0,9 млрд теңге, Батыс Қазақстан және Түркістан облысы – 0,7 млрд теңге, Ақтөбе облысы – 0,6 млрд теңге. Оған төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы, жұмыстардың бекітілген кестеден қалуы, конкурстардың өткізілмеуі себеп болған», – деді Әлихан Смайылов.