ERNUR.KZ Алматыда 12 қаңтарға қараған түні ЖОО ғимаратында болған өртке байланысты Қазақстан-Британ техникалық университетінің әкімшілігі ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Zakon.kz.
ҚБТУ бұл ретте өзіндік тексеріс жүргізіп жатқанын нақтылады:
"Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп, оқиғаның себептерін тексеру жүргізілуде. Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды".
Оқу сабақтарының форматы мен кестесіне қатысты ақпарат жақын арада студенттерге жіберілетіні де айтылады.