Келер жылы Арқалық қаласында әуежай құрылысы аяқталады

0
101

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы Үкіметтің назарында болуға тиіс екенін ерекше атап өтті.


Келер жылы Арқалық қаласында әуежай құрылысы аяқталады

ERNUR.KZ. Осыған байланысты қазіргі уақытта Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелдин аудандарын алдағы үш жылдық кезеңге әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі жоспар бекітілді. Ол жалпы сомасы 165,5 млрд теңге болатын 51 іс-шарадан тұрады. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңындай осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, құжат өңірді дамытудың басым салалық міндеттерін жедел шешуге бағытталған шаралар кешенін қамтиды.

«Арқалық қаласында маңызды инфрақұрылымдық жоба – әуежай құрылысы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні терминал ғимараты салынуда, инженерлік коммуникациялар жүргізілді. Жобаны 2026 жылғы шілдеде айында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ ағымдағы жылдың маусым айында «Орталық – Батыс» бағыты бойынша өтетін маңызы жоғары көлік дәлізінің құрылысына ресми старт берілді. Жаңа бағыт жолды 549 шақырым қысқартады», – деді әкім.

Тағы да маңызды жол Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне тікелей шығуды қамтамасыз ететін «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолын жөндеу бойынша жұмыстар келесі жылы бітеді.