eGov Mobile қосымшасында 641 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді.
ERNUR.KZ. Әскери билетті цифрландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгінгі таңда Қорғаныс министрлігімен бірге әскери билет, әскерге шақыру учаскесіне тіркелу туралы куәлікті цифрлық құжатқа шығару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деп спикер журналиске берген жауабында.
Бұдан бөлек Ростислав Коняшкин аталған құжаттың қосымшада қай уақытта қолжетімді болатынына да тоқталды.
"Бұл жұмыс келесі жылы жүзеге асырылады деп ойлаймын. Биыл негізгі басымдықтар бойынша басқа міндеттерді жүзеге асырудамыз. Менің ойымша, бұл келесі жылдың бірінші жартыжылдығында қолжетімді болады", - деді ол.