Келесі жылы ауыл шаруашылығы техникасын алуға 200 млрд теңге бөлінеді

0
265

Бүгінде егіннің 98 пайызы жиналып, 25,2 миллион тонна астық бастырылған.


Келесі жылы ауыл шаруашылығы техникасын алуға 200 млрд теңге бөлінеді

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Мемлекет басшысының қабылдауында аграрлық саланы дамытудың биылғы 9 айдағы қорытындысын баяндады, деп жазады baq.kz.

Министрдің айтуынша, бүгінде егіннің 98 пайызы жиналып, 25,2 миллион тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік әр гектардан 15,5 центнерді құрайды. Диқандар 1,2 миллион тонна қант қызылшасын жинамақ. Бұл – рекордтық көрсеткіш.