Ішкі авиатасымалдауды 5 қазақстандық тасымалдаушы жүзеге асырады.
ERNUR.KZ. Ағымдағы жылы халықты қолжетімді әуе тасымалдарымен қамтамасыз ету үшін 6 млрд. 900 млн. теңге бөлінді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Аптасына 644 рейс орындалады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық. Ұшу қолжетімділігін қамтамасыз ету және ішкі туризмді дамыту мақсатында авиамаршруттарды субсидиялау механизмдері қолданылады. Келесі жылы бұл қаражат тағы да ұлғайып, 8 млрд. 200 млн. теңгеге жетіп отыр», - дейді Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында.