Келесі жылы қаржы саласында қандай өзгерістер болады

0
86


Келесі жылы қаржы саласында қандай өзгерістер болады

ERNUR.KZ. Келер жылы елімізде банк саласын реттейтін жаңа заң қабылданады, деп жазады kaz.inform.kz.

Бұл қадам банкаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталып отыр. Бұл туралы Ұлттық банктің департамент директорының орынбасары Ержан Ахметәлі мәлімдеді.

Айтуынша,заң жобасында экономикалық белсенділікті ынталандыру, цифрлық активтер мен қаржы технологияларын реттеу мәселелері басты назарда болады. Осы бағыттағы теңгерімсіздікті жою үшін теңдестірілген салық саясаты жүргізілмек.

Банк туралы жаңа заңның аясында цифрлық инфрақұрылымдардың мәртебесі белгіленетін болады. Бұл жүйеге бүкіл қаржы нарығын қатысушылары қосылмақ.

«Қаржы нарығын цифрландыру бойынша, үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл бәріне мәлім. Осы салада көшбасшы болып қалуға тиіспіз. Сондықтан алдағы бес жылда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және қаржы нарығына қатысушылармен бірге цифрландыру стратегиясын әзірлейміз», – деді Ержан Ахметәлі.

Ұлттық банктің департамент директорының орынбасары Ержан Ахметәлі қаржыгерлер конгресінде цифрлық теңге туралы да мәлімет берді.

«Қаржыгерлер жыл сайын өткізілетін конгресте өзекті мәселелерді талқылауға бас қосып отыр. Жиында экономиканы либерализациялау, экономикалық өсімді арттыру мәселелері талқыланды.Цифрлық теңгемен қатар, банктік платформалар мен төлем жүйелерінің банкаралық инфрақұрылымдарының жаңа элементтері іске асырылатын болады»,- деді ол.

Сондай-ақ спикер банктердің негізінде маркетплейстердің, қолма- қол ақшасыз төлем жүйелерінің жақсы дамып жатқанын тілге тиек етті.