Кеңес алуға 2 миллиард теңге: "Самұрық-Қазына" ақпаратқа қатысты пікір білдірді

0
1 062

Қордың баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы сатып алудың ұзақ мерзімді жоспары бекітілгенін.


Кеңес алуға 2 миллиард теңге:

ERNUR.KZ. "Самұрық-Қазына" қоры кеңес алу қызметтеріне 2,1 миллиард теңгеге жоспарланған сатып алулар туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Protenge телеграм-арнасы мәліметінше, қордың 2022-2023 жылдарға арналған сатып алу жоспарларында 2,1 миллиард теңгеге "компанияны трансформациялау мәселелері бойынша консультация қызметтерін алу" бар екені туралы ақпарат пайда болды.

Қордың баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы сатып алудың ұзақ мерзімді жоспары бекітілгенін. Онда 2022-2023 жылдар кезеңіне 2022 жылдың қаңтардағы сатып алу кезеңімен трансформацияны қолдау қызметтер бабы қарастырылған.
"Қаңтарда бұл шығындарға қажеттілік болмауына байланысты сатып алу жүргізілмеді. 2022 жылдың 10 ақпанында 2022 жылға арналған сатып алудың жылдық жоспары түзетілді, бұл тармақ қазір жоқ", - деп түсіндірді қор өкілдері.

"Самұрық-Қазына" қоры қазіргі уақытта қор бюджетін оңтайландыру жүргізіліп жатқанын, соның нәтижесінде барлық керексіз позицияны алып тастай отырып, ұзақ мерзімді сатып алу жоспары түзетілетінін хабарлады.