​"Хайп үшін": Сәукеле киіп, әшекей таққан қазақ жігіттері масқара болды (видео)

0
3 926

Қазақтың ұлттық киімін қор қылды ауу...


​

ERNUR.KZ. Instagram желісіндегі Qazaqstanda парақшасында жігіттердің сәукеле киіп, ұлттық әшекейлерімізді әжуаға айналдырған видеосы тарап кетті. Желі қолданушылары ер азаматтардың бұл ісін қызу талқыға салған, деп жазады NUR.KZ.

Видеодан жігіттердің «хайп» арқылы танылғысы келетіндігін, сол үшін неден болса да тайынбайтындығын байқауға болады.


Желі оқырмандарының басым көпшілігі жігіттердің бұл әрекетін сынап тастады. Арасында жақтаушылар да табылды.

"Қазақтың ұлттық киімін қор қылды ауу... Оданша, Әскерге барындар жігіттер", "Қазақтың сәукелесін қор қылды ғой мынау арсыздар. Хайп үшін бәрін істеуге дайын", "Басқа ұлт өкілдері ұлттық киімдерін бұлай қорламас еді" деп пікірлерін білдірді.