Халық қарсы болса, АЭС салынбайды - жаңа энергетика министрі

0
517

Министрге атом электр станциясын салудың орындылығы туралы қазақстандықтардың пікірін білу үшін референдум өткізіле ме деген сұрақ қойылды.


Халық қарсы болса, АЭС салынбайды - жаңа энергетика министрі

ERNUR.KZ. Үкімет кулуарында журналистер жаңадан тағайындалған энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен АЭС салу мәселесін шешуде қазақстандықтардың пікірі қалай ескерілетінін сұрады, деп жазады tengrinews.kz.

Атап айтқанда, министрге атом электр станциясын салудың орындылығы туралы қазақстандықтардың пікірін білу үшін референдум өткізіле ме деген сұрақ қойылды.

Сәтқалиевтің айтуынша, мүмкіндігінше қоғамдық пікір ескеріледі. Бұл ретте министр атом электр станцияларын салудың қолданыстағы тәртібіне тоқталып, онда қалай жүзеге асыру керек екені көрсетілгенін айтты.

"Менің жеке пікірім: референдум халықтың көпшілігі осы станцияны қолдайтыны немесе қолдамайтынын түсіну үшін қажет. Мұны қамтамасыз ете алатын көптеген әртүрлі механизмдер бар. Егер халық қарсы болса, станция салынбайды, ол түсінікті. Мұны қалай жасау керек екені - референдум немесе кеңейтілген қоғамдық тыңдаулар немесе Парламенттегі отырыстар - талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі. Ережелер, процедуралар бар, сәйкес бақылау органдарын үйлестіруге және құруға қатысты мәселелер бар. Менің ойымша, бұл бастапқы нүкте болуы керек. Өте күрделі ғимарат. Станцияның құрылысын қазірден бастасақ, кем дегенде 10 жылда аяқталатынын түсіну керек. Жақсы жағдайда бірінші блоктар болады. Бірақ созып жүруге де болмайды", - деп жауап берді энергетика министрі.

Атом электр станциясына қатысты өзінің жеке ұстанымына тоқталған Сәтқалиев құрылысты жақтайтынын және станция салуға кез келген нысанда дауыс беруге дайын екенін айтты.