Халықтың барлық несиесін тоқтату керек – Тоқаев

0
30 361

Қазақстандықтар қиын-қыстау жағдайда өздерінің құқықтарын мемлекет қатаң қорғайтындығын білу керек.


Халықтың барлық несиесін тоқтату керек – Тоқаев

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде халықтың барлық займдар бойынша негізгі қарыз сомасын төлеуін тоқтата тұру қажеттігін мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Біріншіден, төтенше жағдай кезінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге қабылданған тыйымнан басқа, халықтың барлық займдары бойынша негізгі қарыз бен сыйақы сомасын төлеуін тоқтата тұру қажет. Банктерден мен толық түсіністік пен азаматтық ынтымақтастықты күтемін, - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, көптеген азамат жеке қаржылық жағдайының қиындауына байланысты банктік емес ұйымдарға, ломбардтарға, интернет-несие берушілерге, микроқаржы ұйымдарына жүгінуге мәжбүр.

"Сондықтан секторды тазарту өте маңызды. Азаматтарды алдау мүмкін емес. Мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, Бас прокуратураға, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне заңнаманың сақталуын тексеру бойынша ауқымды акция жүргізуге және заң бұзушыларды жария түрде жазалап, мұны БАҚ пен әлеуметтік желілерде барынша көрсетуді тапсырамын. Бұл қазақстандықтар қиын-қыстау жағдайда өздерінің құқықтарын мемлекет қатаң қорғайтындығын білу керек", - дейді Президент.