Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы 4 наурызда бес балдық жер сілкінісі кезінде дәрігерлер науқастарды қауіпсіз жерге алып шыққанын хабарлады.
ERNUR.KZ. 4 наурызда таңертең болған жер сілкінісі кезінде Алматының көпсалалы клиникалық ауруханасы дәрігерлері операцияны тоқтатқан жоқ, деп жазады tengrinews.kz.
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы 4 наурызда бес балдық жер сілкінісі кезінде дәрігерлер науқастарды қауіпсіз жерге алып шыққанын хабарлады. Алайда хирургтар өз орында қалып, жұмысын жалғастырған.
"Әрине, жер сілкінісін барлығы сезді, бірақ операция үстелінде науқас жатты, біз жоспарлы кесарь тілігін жасадық, медбикелер үстелді, анестезиолог науқасты, мен жаңа туған қызды ұстадым. Бақытымызға орай, бәрі ойдағыдай болды, операцияны сәтті аяқтап, шұғыл эвакуацияландық", - дейді акушер-гинеколог Гүлжахан Жұмадулаева.
Кардиохирург Тимур Ибрагимов 68 жастағы науқасқа коронарлық шунттау операциясын жасағанын айтты.
"Егер біз - кардиохирургтар, операцияны тоқтатқанда, оның салдары сөзсіз болар еді, әрине, қорқынышты болды, әрине, операция бөлмесінде жатқандардың барлығына алаңдадық, бірақ біздің басты міндетіміз - кез келген төтенше жағдайда науқастың өмірін сақтап қалу", - деді кардиохирург Тимур Ибрагимов.