"Кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе?": экс-депутаттың ерсі әрекеті видеоға түсіп қалды

0
901

Тәртіп сақшысының "жеті атасын" түгендеген экс-депутат осы күнде белді бизнесмен көрінеді.


Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. "Братишка, кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе?" Павлодар облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты тәртіп сақшыларына осылай сес көрсетті. Бұл видеоны облыстық полиция департаментінің өзі таратты, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Тәртіп сақшысының "жеті атасын" түгендеген экс-депутат осы күнде белді бизнесмен көрінеді. Бірақ, "тергеу құпиялығына байланысты", деген желеумен полиция оның аты-жөнін ашып айтады. Келтірілген деректерге қарағанда, көлік блок-бекетте тоқтатылған. Жүргізушінің қалаға кіріп-шығатын құжаттары түгел көрінеді. "Қауіпсіздік белдігін тағыңыз", деген полиция ескертуі бұрынғы депутатқа жақпаған екен. Ол, дөрекілік танытып, блок-бекеттен өтіп кетпек болған.


Аталған факті бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Тергеу аяқталғанша уақытша ұстау абақтысына қамауда болды. Артынан сот шешіміне сәйкес оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Біләлова.