«Қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ». Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты ақпарат берілді

0
254

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан.


«Қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ». Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты ақпарат берілді

Фото: istocphoto.com

ERNUR.KZ. 10 мамырда Алматыда болған жер сілкіністерінен кейін ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары әлсіз жерлерге жедел мониторинг жүргізді, деп жазады baq.kz.

Сейсмологиялық бақылаулардың ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі Алматыда және облыс аумағында 2 балл шамасында сезілген жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан.

“ Өзара әрекеттестік алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Қирандылардың бар-жоғы және тіршілікке қажетті нысандардың жұмысы бойынша мониторинг жүргізілді. Қирандылар туралы мәлімет түскен жоқ , - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске салсақ, сейсмикалық дүмпу Астана уақыты бойынша 20:35 болды. Эпицентр Алматының оңтүстік-батысына қарай 35 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында орналасқан.

Ұлттық сейсмологиялық бақылау орталығының мәліметінше, Алматы, Қаскелең және Қарғалы ауылындағы жер сілкінісінің күші екі бал болды.