Күн тәртібінде талқыланатын тақырып - "Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл".
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Күн тәртібінде талқыланатын тақырып - "Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл".
Сессия жұмысына 1600-ден астам адам қатысады деп күтіліп отыр. Олардың қатарында Парламент депутаттары, өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.
Еске сала кетейік, 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) құрылған болатын.