Әкімдік зираттарға қызмет көрсететін компаниямен соттасып жатыр

0
1 201

Қалалық бөлімнің мәліметінше,биылғы конкурста қалалық зиратты күтіп ұстау және қызмет көрсетуді «Приходченко» ЖК ұтып алған. Алайда компания келісімшартта көрсетілген міндеттемелерін атап айтқанда қорымдағы қоқыстарды шығару, шөбін шабуды орындамаған.


Әкімдік зираттарға қызмет көрсететін компаниямен соттасып жатыр

Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі зираттарға қызмет көрсететін компаниямен арадағы келісімшарттың күшін сот арқылы жоймақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық бөлімнің мәліметінше,биылғы конкурста қалалық зиратты күтіп ұстау және қызмет көрсетуді «Приходченко» ЖК ұтып алған. Алайда компания келісімшартта көрсетілген міндеттемелерін атап айтқанда қорымдағы қоқыстарды шығару, шөбін шабуды орындамаған. Сондай-ақ қадағалаушы және күзетші секілді қызметкер қоймаған.

«Тұрғындар тарапынан көптеген шағымдар келіп түскені және «Приходченко» ЖК-ның мойнына алған міндеттемелерді орындамағаны үшін сотқа келісімшарттың күшін жою жөнінде талап-арыз берілді», - деп мәлім етті қалалық бөлімдегілер.

Биылғы жылы жерлеу орындарын күтіп ұстау үшін қалалық бюджеттен 24 миллион теңге бөлінді. Белгісіз жағдайда көз жұмғандарды мәйітхана жетку үшін тәулік бойы кезекшілік құру, зират аумағын қоршау, туыстары жоқ немесе белгісіз жандардың мәйіттерін жерлеу, қорымды күтіп ұстау және санитарлық тазалау жұмыстары аталған қаржының ішінде қарастырылған. Соңғы 3 жылда Петропавлдағы зираттарды күтіп ұстауға бөлінетін қаржы көлемі 17,8 миллионнан 24 миллионға дейін артты.