Көбейтұз көліне көлікпен кірген жүргізуші көпшіліктен кешірім сұрады

0
756

Ақмола полициясының қызметкерлері құқық бұзушыны екі бап бойынша жауапқа тартты.


Көбейтұз көліне көлікпен кірген жүргізуші көпшіліктен кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Жол талғамайтын көлігімен Көбейітұз көліне қойып кеткен жүргізуші бұл әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Видео полиция бөлімшесінде түсірілген, деп жазады zakon.kz.

Ол видеода Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапарға шыққанын айтады. Жолда кезіге кеткен танымал қызғылт көлге тоқтай кеткенді жөн көреді.

- Әрине, менікі дұрыс емес, қателестім, сол үшін кешірім сұраймын. Көлге өз аяғыммен де баруға болар еді, бірақ осылай болды. Мен қатты, қатты кешірім сұраймын, әлеуметтік желілерде бұл жайт кеңінен таралып, ол қызу пікірталасқа ұласыпты. Шынымды айтсам, осы 40 жасымда бұлай болады деп ойламаппын, - деді ол.


Естеріңізге сала кетейік, Ақмола полициясының қызметкерлері құқық бұзушыны екі бап бойынша: жалпы су пайдалану ережелерін бұзу және жалпы аумақты ластау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Айыппұл мөлшері 13 890 теңгені құрады.