ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Коновалов ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Коновалов ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Сергей Коновалов 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы бастаған. 1998-2000 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының кіші ғылыми қызметкері және аға зертханашысы болып жұмыс істеген.
2000-2002 жылдары – ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаментінің бас маманы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас сарапшысы қызметтерін атқарған.
2002-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеген. Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, Ақпараттық-талдау орталығының бас инспекторы лауазымдарын атқарған.
2008-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының кеңесшісі, сектор меңгерушісі.
2016-2018 жылдары – ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының сектор меңгерушісі.
2018 жылғы наурыз айынан қазіргі таңға дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.