Енді интернетке қосылу үшін авторизация жасау міндетті.
фото: androidinsider.ru
ERNUR.KZ. Ертең, 4 қазаннан бастап Қазақстанда ТРЦ, кафе, вокзал және өзге де қоғамдық орындарда интернетке қосылу тәртібі өзгереді, деп жазады inbusiness.kz.
Енді желіге қосылу тек мына жолдар арқылы мүмкін болады:
- телефон нөмірін енгізіп, SMS-код алу;
- ЭЦҚ арқылы eGov порталына кіру.