Қоғамдық резонанс туғызды: желіде қызу талқыланған суреттегі жігіт үйіне оралды

0
1 002

​Фотоға ұлттық ұланның әскери қызметкеріне кішкентай қыздың гүл сыйлап жатқан сәті түсірілген. Ол кезде Шамиль Мұхитдинов заңсыз митингі алаңын қоршап тұрғандардың қатарында еді.


Қоғамдық резонанс туғызды: желіде қызу талқыланған суреттегі жігіт үйіне оралды

ERNUR.KZ. Шамиль Мұхитдинов – әскери борышын атқарып, үйіне оралды. Елордадағы заңсыз митингіде алаңды қоршап тұрған кезде кішкентай қыз Шамильге гүл сыйлаған болатын, деп жазады sputniknews.kz.

Бұл сурет қоғамдық резонанс туғырды. Анасы баламен бірге митинг өтіп жатқан жерге кездейсоқ барған. Олар дауыс беріп, сайлау учаскесінен қайтып келе жатқан. Кішкентай қыз әскерилерге барып, гүл сыйлай бастаған. Сол сурет желіде қызу талқыланып, жұрт қызығушылығын тудырды. Фотодағы жігіттің кім екені белгілі болды.


"Әскери қызметін абыроймен атқарғаны үшін ішкі істер министрі оған он күндік демалыс берді. Ал әскери бөлім командирі "ефрейтор" әскери атағын берді ", - деп жазылған ұлттық ұланның баспасөз қызметі берген ақпаратта.

Ұлттық ұланның айтуынша, әскери қызметінің соңғы күнінде жігіт бұл уақыттың аяқталғанына өкінішін білдіріпті.

Үйіне оралған соң Шамиль ішкі істер органдарына қызметке орналасып, атасы мен әкесінің жолын қумақ.