Көк-Төбедегі өртті сөндіруге атсалысқан қызметкерлер марапатталды

0
864

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге орай өткізілді.


Көк-Төбедегі өртті сөндіруге атсалысқан қызметкерлер марапатталды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының өрт сөндірушілері Көк-Төбедегі алапат өртті тез арада ауыздықтағаны үшін марапатталды, деп жазады baq.kz.

Өрт сөндіру-құтқару қызметінің 26 қызметкері мен «Алматы Тазалық» қалалық қызметінің 4 қызметкері, Көктөбе тауында және Алматы облысы, Бесағаш ауылында өртенген қураған шөптерді сөндірудегі қызметтік міндеттері, батылдықтары мен кәсіби шеберліктері үшін Медеу ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге орай өткізілді.

Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Мұхамеджанов ТЖД жеке құрамына қиын жағдайда өртті сөндірудегі біліктіліктері мен жедел әрекеттері үшін ризашылығын білдіріп, алғыс хаттар мен ескерткіш ретінде қол сағаттарын табыстады.

медеу2.jpg

Естеріңізге сала кетейік, 11 тамыз күні 14 сағат 28 минутта «101» қашықтан басқару пультіне Медеу ауданындағы өрт туралы хабарлама түсті. Көк-Төбе телемұнарасынан бір шақырым қашықтықта 10 гектар аумақты алып жатқан жеке ошақтарда қураған шөптер өртенген болатын.

медеу 3.jpg

Аз уақыт ішінде Алматы қаласы Құтқару Қызметінің МИ-8 және ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ-ың КА-32 тікұшақтары жұмылдырылып жалпы көлемі 36 тоннаны құрайтын 12 рет су құйылды. 5 жарым сағаттың ішінде өрт толықтай сөндірілді. Кешкі сағат 20.00- де «101» пульті арқылы Көктөбе тауының баурайынан төмен орналасқан Диваев көшесінде тағы да 10 гектар жердің өртеніп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.

медеу4.jpg

Өрттерді сөндіруге ТЖД, ПД және Алматы қаласының коммуналдық және инженерлік қызметтерінің жеке құрамынан 1500 қызметкер, сондай-ақ арнайы техниканың 70 бірлігі, оның ішінде «Алматы тазалық» мекемесінің 28 су тасушы көліктері жұмылдырылды.

Өртті сөндіру тау баурайындағы қураған шөптердің биіктігі адам бойымен бірдей болып өсіп кетіп көрінбеуінен және соққан желдің әсерінен тұтанған өртті сөндіру қиынға соқты. Барлық қауіп-қатерге қарамастан, Алматы гарнизонының бірлескен күшімен көк жалын 22 сағат 47 минутта сөндіріліп, 00 сағат 02 минутта толығымен жойылды.

Қаланың өзара әрекеттесу қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарының арқасында Медеу ауданындағы жеке тұрғын үйлерге өрттің таралуына жол берілген жоқ.