Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті.
фото:nur.kz
ERNUR.KZ. "Көк түсті төлқұжатымыз жалпыұлттық бірегейлігіміздің нышанына айналды" - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында сөйлеген сөзінде.
Көк паспортымыз ұлттық бірегейлігіміздің айқын нышанына айналды. Жыл өткен сайын төлқұжатымыздың абырой-беделі көтеріліп келеді. Бұл халықаралық қауымдастықтың бізге деген қызығушылығы артып, еліміздің ықпалы күшейе түскенін көрсетеді. Әр құрлықтағы түрлі мемлекеттің азаматтары тұрақты тұру немесе демалу үшін біздің елді жиі таңдайтын болды. Бұл – кездейсоқтық емес. Қазақстан беделді халықаралық рейтингтердегі қауіпсіздік индексі бойынша айналамыздағы көптеген мемлекеттердің бәрінің дерлік алдында тұр. Ал заң үстемдігі индексіндегі "Тәртіп пен қауіпсіздік" көрсеткіші бойынша, 142 елдің ішінен 43 орынға табан тіреді, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.