Көкшетау тұрғыны сұлулық салонына барамын деп өмірімен қоштаса жаздады

0
656

Салоннан әйелді жедел жәрдем көлігі ауруханаға алып кеткен.


Көкшетау тұрғыны сұлулық салонына барамын деп өмірімен қоштаса жаздады

ERNUR.KZ. Қарапайым плазмолифтинг процедурасы Көкшетау тұрғыны Оксана Данилованың өмірін қия жаздады, деп жазады stan.kz.

Салоннан әйелді жедел жәрдем көлігі ауруханаға алып кеткен. Косметолог дәрі еккеннен кейін әйелде Квинке ісігі пайда болып, құлақ артындағы тыртық орнынан қан кете бастаған. Ол аман қалғанымен, әлі де қалпына келу үшін ем алып жатыр.

“Процедура жасай бастағаннан кейін 15 минуттан соң құлағымның артындағы тыртықтан қан кетіп, Квинке ісігі пайда бола бастады. Бәріміз қорқып кеттік. Ешқандай медициналық көмек көрсетілген жоқ. Бетім қатты ауыра бастады. Косметолог қалыпты жағдай деп айтқанымен, олай болмау керек екенін түсіндім. Ауырғанына шыдамай көмек сұрап, жедел жәрдем шақырыңдар деп айқайлай бастадым. Тынысым тарылып кетті. Жедел жәрдем дереу ауруханаға жеткізіп, сол жақтан ем алып шықтым, - дейді әйелдің өзі.

Шын мәнінде сұлулық салонында Оксанаға не егілгенін біле алмаған және салон қызметкерлері де ешқандай ақпарат бермеген. Сонымен қатар ол өмірін қия жаздаған оқиғаға кінәлілер жазаланғанын қалайды, бірақ әділдік орната алмай отыр.

Оқиға былтыр қазан айында болғанымен, әлі ешкім жазаға тартылмаған. Әйелдің сөзінше, құқық қорғау органдарының қызметкерлері әрекет етпей отыр. Сол себепті Оксана бұл оқиғаны көпке жария ету арқылы шын мәнінде не болғанын анықтағысы келеді.