Көкшетауда 1 жасар баланың өңешіне түйреуіш тұрып қалған

0
1 096

Дәрігерлер баланы аман алып қалды.


Көкшетауда 1 жасар баланың өңешіне түйреуіш тұрып қалған

ERNUR.KZ. Көкшетауда 1 жасар баланың өңешіне түйреуіш тұрып қалған, деп жазады Azattyq Rýhy.

«27 тамызда оториноларинголог Гүлнар Жүнісова бір жасар сәбиге ота жасады. Дәрігердің кәсіби шеберлігінің арқасында наркоз және хирургиялық отасыз баланың өңешіне тұрып қалған түйреуіш алынды», - делінген жазбада.

Дәрігерлер баланың тыныс алуы мен сөйлеуі қиындаса, дыбыс шығара алмаса, рефлекторлы лоқсу, өңір сырылы, тыныс алу қимылында діріл байқалса жедел дәрігерге баруға кеңес береді.