Көкшетауда 20 тұрғын үйді су басып, шұғыл штаб құрылды

0
936

Су басқан 20 тұрғын үйдің үшеуінен ғана су сорылып алынды.


Көкшетауда 20 тұрғын үйді су басып, шұғыл штаб құрылды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі Көкшетауда нөсер жаңбырдың салдарынан 60 тұрғын үйдің аумағын су басқанын жеткізді, деп жазады zakon.kz.

“Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының нұсқауы бойынша шұғыл штаб құрылды. Жаңбыр суын сору, сондай-ақ қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін iшағым түскен мекенжайларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр”, - делінген хабарламада.
Су басқан 20 тұрғын үйдің үшеуінен ғана су сорылып алынды.
Тазалық жұмыстарына ТЖД-ның жеке құрамынан 40 адам, жергілікті атқарушы органның 10 қызметкері, сондай-ақ 20 мотопомпа, төрт ассенизатор және бір экскаватор жұмылдырылды.
Барлығы 6 300 текше метр су сорып алынды.
Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.