Көкшетауда балабақша есепшісі 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған

0
598

Сотта күдікті кінәсін мойындап, келтірген залалды ішінара өтеді.


Көкшетауда балабақша есепшісі 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған

ERNUR.KZ. Көкшетаудағы балабақшалардың бірінде есепші қызметкер екі жылға жуық уақыт бойы меңгерушінің ЭЦҚ кілтін пайдаланып, өзіне заңсыз артық жалақы қосып алып отырған. Осылайша, ол 2021-2022 жылдар аралығында 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сотта күдікті кінәсін мойындап, келтірген залалды ішінара өтеді.

Сонымен қатар, оның кінәсі аудиторлық компанияның қорытындысымен, куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерімен, төлем тапсырмаларымен расталды.

«Сот үкімімен «Е.»-ге материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырумен, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Келтірілген материалдық залал өндірілді. Сот, сотталушының асырауындағы үш жас баласы бар екенін ескере отырып, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның орындауын 5 жылға кейінге қалдырды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сот лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеттеріне немқұрайлы қарағаны және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін білім басқармасы атына жеке қаулы шығарды.