Көкшетауда да төтенше жағдай жарияланды

0
658

Қылшақты өзеніндегі су деңгейінен асып кетті.


Көкшетауда да төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Көкшетауда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп жазады sputnik.kz.

Қылшақты өзеніндегі су деңгейінен асып кетті.
"Барлық шығын бағаланып, оларды өтеу жөніндегі мәселелерді комиссия шешеді. Төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі штаб құрылды. Су басқан аймақтардағы тұрғындар эвакуацияланып жатыр", - дейді ведомство.
Жүзге жуық адам алдын ала дайындалған орындарға орналастырылған.
Бүгін Қылшақты өзенінің жағасынан судың шығуына байланысты 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көп қабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Ертөстік" балабақшасының 1 қабаты су астында қалды.