Көкшетауда ер адам сауда үйінің терезесінен құлап мерт болды

0
1 206

Ер адамның 19 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды.


Көкшетауда ер адам сауда үйінің терезесінен құлап мерт болды

ERNUR.KZ. Көкшетауда 19 жастағы жігіт сауда үйінің 3-қабатынан секіріп мерт болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, 9 сәуірде Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем фельдшері хабарласып, облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде жас жігіттің көз жұмғанын айтқан. Ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенше көз жұмған.

«Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы көз жұмған ер адамның 19 жастағы жергілікті тұрғын екенін анықтады. Ол сәуірдің 9-да кешкі сағат 18:40 шамасында сауда үйінің 3-қабатынан секіріп суицид жасаған», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары тексеріс жүргізуде.