32 жастағы қала тұрғыны иіс тиіп уланған.
ERNUR.KZ. Көкшетау қаласында көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Сараптама кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ, деп жазады sputnik.kz.
32 жастағы қала тұрғыны иіс тиіп уланған. Көлік гаражда тұрған. Ер адамның мәйіті 8 қарашада табылды.
"Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, өлім көміртегі тотығымен улану салдарынан болған. Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", - дейді полицейлер.
Осы орайда тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларына бей-жай қарамауға шақырды.
"Газбен уланудың алдын алу үшін көліктің шығару жүйелерінің дұрыстығын және саңылауы жоқ екенін үнемі тексеріп отыру қажет", - деп атап көрсетті департамент мамандары.