Көкшетауда мас ер адамдар бала отырған үйді өртеп жібермек болған

0
500

Кәмелетке толмаған 4 бала үй ауласында, ал біреуі үй ішінде болған. Сонымен қатар, үй жиһаздары мен қабырғаларына жанармай құйылған.


Көкшетауда мас ер адамдар бала отырған үйді өртеп жібермек болған

ERNUR.KZ. Көкшетау полицейлері ішінде бала бар жеке үйді өртегісі келгендерді анықтап, жағайдың алдын алды, деп жазады tengrinews.kz.

26 мамырда Көкшетау Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан хабарлама түскен. Әйел полицейлерге үйіне көршісі жанармай құйып, өртем жіберемін деп қорқытқанын айтқан.

Оқиға орнына дереу келген учаскелік полиция инспекторлары Борис Толгуров пен Ерқанат Орынбай үйден екі ер адамды тауып алған. Олардың екеуі де мас болған.

Кәмелетке толмаған 4 бала үй ауласында, ал біреуі үй ішінде болған. Сонымен қатар, үй жиһаздары мен қабырғаларына жанармай құйылған.

Қаскүнемдер көнбей, оттық жағып, қоқан-лоқы жасауын тоқтатпаған. Тәртіп сақшылары оларды тез арада ұстап, Полиция басқармасына жеткізген. Бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Нәтижелері бойынша шешім қабылданатыны айтылды.

Сурет: polisia.kz