Көкшетауда перзентханадан қашып кеткен әйел асылып тұрған күйі табылды

0
905

Белгілі болғандай, босанғаннан кейін әйелден маза қашқан.


Көкшетауда перзентханадан қашып кеткен әйел асылып тұрған күйі табылды

ERNUR.KZ. Көкшетауда баласын туған соң бір әйел перзентханадан қашып кеткен, деп жазады zakon.kz.

"Перинаталдық орталықтың" жаңа туған нәрестелер бөлімінің дәрігері полицияға хабарласып, әйелдің жоғалып кеткенін хабарлады.

Белгілі болғандай, босанғаннан кейін әйелден маза қашқан.

27 тамызда, сағат 19:00 шамасында перинаталдық орталық пен қалалық аурухана аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жоғалған әйел жұқпалы аурулар ауруханасының артындағы ағашқа асылулы күйі табылды. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, "Суицидке итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамалары тағайындалды, - деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.