Көкшетауда Ресей азаматы қонақ үйдің жоғары қабатынан секіріп, мерт болды

0
622

«Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді басталған.


Көкшетауда Ресей азаматы қонақ үйдің жоғары қабатынан секіріп, мерт болды

ERNUR.KZ. Көкшетауда ер адам қонақ үйдің жоғары қабатынан секіріп көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қазанда Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем көлігінде 35 жастағы ер адамның қайтыс болғаны туралы хабар түсті.

«Тексеру барысында полиция қызметкерлері қазанның 18-де сағат 18:40-та облыс орталығындағы қонақ үй кешендерінің бірінде нөмір жалдаған ер адамның мейрамханаға барғаннан кейін өз бөлмесіне көтеріліп, терезеден кешеннің ауласына секіргенін анықтады. Салдарынан ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Ер адам Ресейдің Омбы қаласының тұрғыны болып шықты», - деп түсіндірді ведомстводан.

Көкшетау қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі қонақ үй тұрғынының өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-ші бабының 1-бөлігі «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.