Көкшетауда тұрғын үйде газ жарылды

0
410

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.


Көкшетауда тұрғын үйде газ жарылды

ERNUR.KZ. Көкшетауда тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінің балконында газ плитасын жағу кезінде жарылыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға облыс орталығындағы Наурызбай батыр көшесі 130 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйде болған. 10 мамыр күні сағат 12:29-да «101» пультіне қоңырау түскен.

«Оқиға орнына барған ТЖД қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйдің екіншісі қабатындағы балконда газ-ауа қоспасының жарылғанын анықтады. Шақырту орнына ТЖД жеке құрамынан 18 адам және арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді Көкшетау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Максим Шатковский.

Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалуға болады.